Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

"КАТОН ҚАРАҒАЙ МҰТП" РММ АУМАҒЫНДА БОЛУ ЕРЕЖЕСІ

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк  табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар,  биологиялық және ландшафтық алуантүрлілікті сақтауға арналған,   табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылым, туристік және рекреациялық мақсаттарда, бірегей табиғи кешендерді және мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтауға арналған, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Құрметті достар!

Сіздер табиғат әлеміне келдіңіздер. Біз Сіздерді көруге қуаныштымыз және сіздерге үлкен және кішкентай жаңа ашылулар тілейміз. Табиғатпен тілдесуіңізді Сіздің де табиғаттың да көңіл күйін түсірмесін. Ал бұл үшін, кейбір ережелерді ескеруіңізді өтінеміз. Бұл ережелер табиғаттың әсемдігін сақтайды,  ал Сізге деніңіз сау әрі бақытты болуыңызға әсерін тигізеді.


Катонқарағай ұлттық паркі аумағында келесіге жол берілмейді:

  1. ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжатсыз  ерекше қорғалатын табиғи аумағында болу
  2. Арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристік маршруттар немесе жалпыға ортақ жолдардан тыс журу;
  3. Автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың белгіленген жерлерден тыс тұрақтауы;
  4. Су қоймаларының жағалауларында автокөліктің және басқа да механикалық құралдардың тұрақтауы, ыдыс жуу, кір жуу, үй жануарларын шомылдыруға;
  5. Судағы моторлы яхта, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуы, ЕҚТА қорғау мақсатында мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарын қоспағанда.
  6. Арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде от жағу, мангал, тамақ дайындау, ошақ  орнату.
  7. белгіленген орындардан тыс жерлерде тұрақтау, шатыр орнату.
  8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынған қару және басқа да заттарды қолдану және бекітілген балық аулау нормаларынан асу;
  9. Тиісті рұқсатынсыз жабайы жануарларды алуға;
  10. Жабайы жануарларды шошыту және тамақтандыру;
  11. Ұяларды,құмырсқа илеулерін, індерді, апандарды қирату;
  12. Ағаштар мен бұталарды шабу, сындыру, бүлдіру және тұрмыстық қажеттіліктер үшін сыпыртқы, бейнек дайындау.
  13. Табиғат, мәдениет және археологиялық ескерткіштерді қирату.
  14. Жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат арнайы рұқсат етілген орындардан тыс жерлерде жинау
  15. Арнайы рұқсат етілген орындардан тыс  жабайы жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинау;
  16. Көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар),орман орналастыру, орман шаруашылығы және жер орналастыру белгілерін бұзу;
  17. Ағаштар, тастар мен жартастарға  жазулар мен суреттер салу ;
  18. Топырақ жамылғысын тұрмыстық қоқыстармен және қалдықтармен ластау ;
  19. шу және өзге де жасанды акустикалық әсерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормадан асыра қолдану және қоршаған ортаға әсерін тигізу;
  20. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендердің дамуы мен сақтауына шығын келтіретін өзге де іс-әрекеттер.
  21. Мазалау факторын болдырмау мақсатында Катонқарағай МҰТП әкімшілігі жабайы жануарлар мен балықтардың көбейу және қоныс аудару кезеңінде олардың шоғырлану орындарына баруға тиым салуы мүмкін.

 

Назар аударыңыз!!!

Ұлттық парк аумағында болуға негіз болып келушінің ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжат болып табылады.
ЕҚТА пайдаланғаны үшін төлемді растайтын құжат келушінің МҰТП аумағында болған күндерінің соңына дейін сақталуы тиіс.