Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Немен айналысуға болады?

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - бұл флора мен фаунаға бай, әдемі табиғатқа, экологиялық таза өлкеге баруға тамаша мүмкіндік. Белсенді демалушы әуесқойларға ұсынылатын қызметтер: ұлттық парк бойынша жаяу және ат маршруттары; спорттық-әуесқой балық аулау; пантамен емдеу орындарына, омарталарға, қонақ үйлерге бару.

 

Нені тамашалауға болады?

Қаракөл, Бұқтырма, Рахман, Маралды көлдері, Арасан, Көккөл сарқырамалары, Берел қорғандары, Марқакөл көліне қар басқан асулар арқылы апаратын Ескі-Австриялық жол - Қазақстанның мақтанышы, Алтай тауларының екі басты патшайымы - Мұзтау тауы және басқа да көптеген көрікті жерлер - дүниежүзілік табиғат және мәдениет мұрасы болып табылады.

 

Қалай жетуге болады?

Катонқарағай ауылына бірнеше әдіспен жетуге болады: автокөліктермен, рейстік автобустармен. Облыс орталығы Өскемен қаласынан күн сайын сағат 8:00-де және 11:00-де рейстік автобустар шығады.

 

Қайда тоқтауға болады?

Катонқарағай ұлттық паркінің аумағына келген кезде келушілер ұлттық парктің қонақ үйлерінде, сондай-ақ жеке меншік қонақ үйлерде де тоқтай алады.

Өрел және Қайыңды ауылдарының жергілікті тұрғындары қонақ үйлерінде қолайлы баға үшін сапалы қызметтерді ұсынады.

 

Қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?

Ұлттық парк аумағында болу негіздемесі рұқсаттама болып табылады. Катонқарағай МҰТП аумағы шекаралық аумақта орналасқандықтан ұлттық парктің барлық келушілері шекаралық аймаққа рұқсаттаманы ресімдеуі қажет, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және шетелдіктер үшін ШҚО Ішкі істер департаментінің рұқсаттамасын қосымша ресімдеуі қажет.

 

Естелік кәдесыйлар.

Кәдесыйлар сатып алу-кез келген саяхаттың ажырамас бөлігі. Қатонқарағайда демалу сіздің жүрегіңізде ұмытылмас әсер қалдырады, ал Қатонқарағай МҰТП серіктестерінен алынған киізден жасалған, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар сізге ғана емес, сондай-ақ сіздің жақындарыңызға да міндетті түрде ұнайды. Бұл кәдесый өнімдерін Катонқарағай МҰТП орталық кеңсесінде алуларыңызға болады.