МҰТП-да орманды жанама пайдаланудың негізгі түрлері егістік, жайылым, шабындық – ауылшаруашылық жерлерін пайдалану, ЕҚТА туралы заңға сәйкес шөп шабу мен мал жаюға тек шектеулі шаруашылық қызмет аймағында рұқсат етілген.  Бұл аймақтағы шабындық жерлердің ауданы 6285 гектар, жайылымдық жерлердің ауданы73870 гектарды құрайды.
Жанама пайдалану Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 1-ші қарашадағы «Мемлекеттік орман қоры аумағында жанама пайдалану ережелерін бекіту туралы» № 1268 қаулысында және  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы  «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережелерін бекіту туралы» № 1338 қаулысында анықталған тәртіпте жүзеге асырылады.

 

 

Жанама орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемі.


Жер түрлері

Жалпы ауданы

Жеке қажеттілік үшін

Пайдаланылмаған жер қалдығы

Барлығы

Пайдалану,

Шабындықтар

6285

6285

-

-

Жайылымдар

73870

4304

73870

жалға беру.

 

Саңырауқұлақтар мен жидектер теру, жабайы жемістер жинау, дәрілік шикізаттар дайындау әуесқойлық сипатта жүзеге асырылады.Жеке тұлғалар дайындауға рұқсат берілген бекітілген нормада рұқсат құжатсыз өз қажеттілігі үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, жидектерді, дәрілік шикізаттарды және тағы да басқаларын жинауға болады. Орман байлығын пайдалану ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.