AA+
AA+

Көккөл сарқырамасы - Көккөл өзеніндегі Алтай өңірінің ең ірі сарқырамасы.

Оны өзі аттас көлден ағып шығып, Ақ Берел өзеніне құятын кішігірім тау өзені түзеді. Көккөл өзенінің арнасы Ақ Берелмен қосылған жерінен 80 метрлік биіктіктен 60-70° еңістікпен, төмен құлайтын ені 10 метрден асатын су ағынының құлақ тұндырарлық гүрілі алыстан естіледі.

Оң және сол ернеулерінің қырлары мен жартастары арқылы су төмен құламай, жіңішке “жыландардай” ирелеңдей ағады. Жоғары биіктіктен құлаған су ұсақ тамшылар түзеді. Ашық күндері сарқырамадан жоғары көтерілген ұсақ су тамшылары кемпірқосақтың барлық түрлеріне боялады. Керемет, алып сарқырама, самырсынды және шыршалы ғажайып орманды шатқал, бұл өлкені теңдесі жоқ сұлулыққа бөлейді.

Көккөл сарқырамасы Рахман қайнары курортты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан.

Водопад Кокколь - Көккөл  сарқырамасы