AA+
AA+

Маршруттың  бөлінуі:

мақсаты бойынша:ғылыми-танымдық;

орын ауыстыру түрі бойынша: жаяу

уақыты: маусымдық;

ұйымдастыру түрі бойынша: топтық

Негізгі географиялық атаулардың түрлері: Коробиха ауылы – «Тёплый ключ» - Каменный карьер – «Екимов омартасы»

Қашықтығы: 3 км.

Ұзақтығы: 1 сағат

Соқпақтың (маршруттың) функционалдық мерзімі : шілде айының  басынан  басап-қыркүйек айының  аяғына  дейін

Бір топта максимальды турист саны: Жаяу туризм –  25  адамнан көп емес

 

Соқпақ Коробиха ауылындағы  мектептен басталып, Бұқтырма өзені жағалауымен ескі ферма арқылы Жылы қайнарға келеді. Әңгіменің тақырыбы мен іс-тәжірибенің шарты: өзенді зерттеу (аты, ұзындығы, ені, тереңдігі, бағыты және ағыс ерекшелігі, жағалаулар құрылымы, өзен жағалаулары мен аңғарлары құрылған тау жыныстары (құм, балшық, құмдауыт, ұсақ тастар, шөгінділер) Экскурсовод аймақта кездесетін аңдар мен өсімдіктер туралы және балықтың сирек түрлерін (таймен, ақ қайраң, нәлім) қорғау туралы әңгімелейді. 

Ары қарай соқпақ Каменный карьерге, қайыңды тоғай арқылы Екимов омартасына бағытталады. Әңгіменің тақырыбы мен іс-тәжірибенің шарты:орманды, бұталарды және өсімдіктердің түрлік құрамын зерттеу (дәрілік, балдық шөптер), ұсақ аңдар мен бунақденелілерге бақылау жасау.