AA+
AA+

Соқпақтың (маршруттың) санаты:

  1. Қозғалу түрі бойынша: жаяу, атпен;
  2. Қызмет көрсету уақыты бойынша: маусымдық.
  3. Ұйымдастыру формасы: топтық.

 

Қашықтығы: 30 километр, ұзақтығы: 2-3 күн.

 

Соқпақтың (маршруттың) қызмет  ету мерзімі: маусым-қыркүйек.

 

Топтағы адамдардың  максималды саны: топта 20адамнан артық емес (шектеу психожайлылық шегімен байланысты және түр алаңшарларының  сыйымдылығы).

 

Негізгі географиялық мекендердің атауы: Катонқарағай ұлттық паркінің Тұқым бағы – Ұлттық парк қонақ үйі – Исабаевтар марал шаруашылығы – Никитинка мекені  - ескі шахталар.

«Орман жолдарымен» маршруты Медведка тұқым бағынан  басталады. Тұқым бағы аумағында 4 орындық қонақ үй, монша, дәретхана бар.  Құрамы 4 адамнан асатын топ  от  жағатын  орынмен, жауыннан  қорғалатын қалқамен, үстелмен және ұзын  орындықтармен  жабдықталған шатыр  тігетін  алаңқайда  палатка құра алады

Бағыт бойныша шығу. Топ Исабаев марал шаруашылығына қарай жол тартады, ол жерде топты  мамандар қарсы алып пантымен емдеу және марал шаруашылығы туралы ақпарат береді.

Әрі қарай, топ Никитинка мекеніне жол тартады. Конжай (2772 м) тау асуында қысқа аялдама жасап Листвяга жотасын және ұлттық парк тұқымбағын тамашалауға болады.

Орман жолымен жоғары көтерлігенде туристтер ұлттық паркінде мекен ететін аю, бұғы, қабан, тиіндерді көре алады.Мұнда марал  тамыры,қызғылт семізот, аяз семізот, қалыңжапырақты шұбаршөп, бозкілем тағы басқалары өседіОрмандарнегізін қылқан жапырақты ағаштар құрайды

Путешный асуына көтеріліп, арнайы жабдықталған алаңқайда түнеуге болады.Шатыр  тігетін  алаңқайда от  жағатын  орынмен, жауыннан  қорғалатын қалқамен, үстелмен және ұзын  орындықтармен,  қоқыс төгетін орынмен жабдықталған.

Түскі астан кейін топ радиалды бағытта жол тартып,  ескі шахталарды тамашалап, топ нұсқаушы осы жерлерде тау-кен металдарының алыну тарихы туралы айтып береді.

Топтың лагерьге оралуы, Кешкі ас.

Таңғы астан кейін, топ ұлттық парк қонақ үйіне оралды. Топ қайтар  жолға  шығады.