Катонқарағай  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінде  «Парктер  шеруі»  халықаралық  табиғатты  қорғау  акциясы  2002  жылдан  бастап  өткізіледі.
Аталмыш акцияның мақсаты: жергілікті халықтын, қоғамның, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің назарын  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне аударту және оларға көмек көрсету.


Жылдан жылға  "Парктер шеруі" акциясы  жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті халық пен жастардың тарапынан қолдауға ие болып жатыр.
"Парктер шеруіне" жыл сайын Катонқарағай,Зырян, Күршім, Большенарым аудандарының орта және негізгі орта мектептері және  "Айгөлек", "Балдырған" балабақшалары қатысады.


Акция аясында"Жер күні", "Құстар Күні", "Менің атаулы ағашым", "Ауылдың гүлденгені-мемлекеттің гүлденгені", "Ашық есік күндері" т.б. экологиялық және табиғат қорғау іс-шаралары өткізіледі.


Кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары және көптеген табиғат жанашырларыда демеушілік көмек көрсетеді.
Акция аясында оқушылар бірқатар табиғат қорғау шараларын өткізеді:  лекциялар, әңгімелер, көрмелер, қоқыс тазалау бойынша экологиялық десанттар, "дөңгелек үстелдер", мерекелік көріністер, концерттер, шерулер, көшеттер отырғызу, және тағы басқа.